-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі М.Әуезов атындағы оқу ұжымымен кездесті

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезоватындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымыменкездесті. 

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті — дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы бар көппрофильді жоғары оқу орны. Мұнда бакалавриатта — 135, магистратурада — 143 және докторантурада 19 мамандықбойынша кадрлар әзірленеді. 

    Университет ұжымына шақыртуы үшін алғыс айтқан қалаәкімі қазір терең логикалық ойлау қабілетіне ие, тыңидеялар ұсынып, жаңа тұрпатты техника мен технология жасай алатын, жаһандану жағдайындағы сан құбылғанеңбек нарығының талаптарына тез бейімделе білетін кәсібикадрлар даярлаудың қай кездегіден де маңызды екенін атапөтті. 

    «Биыл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшіншіотырысында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевжоғары оқу орындарын академиялық лигаларға бөлужөніндегі бастамаға қолдау білдірді. Бірінші санатқағылыми зерттеу жүргізу әлеуеті жоғары, халықаралықдеңгейде бәсекеге қабілетті және өңір экономикасына ықпалете алатын университеттер енеді. Сіздердің ғылымиинновацияларыңыз  қаладағы әлеуметтік ортаныңтартымдылығын арттырады және өңірдегі өмір сүрудіңсапасын жақсартады. Біз Сіздердің экономиканыңдрайверіне айналатын кәсіптік  университет ретінде даму мен жаңа технологиялық элитаны қалыптастыруғабағытталған стратегияларыңызды қолдаймыз. Сіздергешығармашылық табыс тілеймін, — деді  МұратДүйсенбекұлы. 

    Кездесу барысында әкім Боллон процесі және академиялықұтқырлық орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталықсеріктес университеттермен халықаралық байланыс орнату, студенттер мен оқытушыларды шет мемлекеттерге оқу мен біліктілігін арттыруға жолдау және оқу бағдарламасынаБоллон процесі қағидаларын енгізу мақсатында құрылған. 2019-2020 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлықбағдарламасына 74 студент, ал,  ішкі академиялық ұтқырлықбағдарламасына 60 студент қатысқан. 

    Шәкірттер дамыған елдердің үздік университеттерінежолданған. Атап айтқанда, олардың қатарындаГерманиядағы Хоф қолданбалы ғылымдар университеті, Испаниядағы Кадиса, Польшадағы Лодзин, ОңтүстікКореядағы Сангмёнг және басқа да университеттер бар. 

    Орталықтың директоры короновирусты инфекцияныңтаралуына жол бермеу мақсатында студенттердіакадемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өзге оқуорындарына жіберу тоқтатылғанын айтты. Пандемия басталардан бұрын кеткен студенттер де керішақыртылыпты. Бүгінде шет мемлекеттерде университеттіңстуденттері жоқ. Пандемия аяқталғанға дейін академиялықұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту онлайн форматтажүргізіледі.

    Мұнан кейін қала әкімі «Парасат» құқықтық мәдениеттіқалыптастыру орталығының жұмысымен танысты. 

    Университеттің миссиясы сапалы, бәсекеге қабілетті  мамандайындау. Ол үшін студенттерге білімімен қоса тәрбиеберілуі керек. Сондықтан «Парасат» орталығы университет қабырғасында адалдық, парасаттылық, жауапкершілік, ізгілік сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында жұмысістейді. 

    Сондай-ақ, әкім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаашылған  «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығыныңжәне «Smart Square»  студенттерге қызмет көрсетуорталығының жұмысымен де танысып шықты. 

    «SMART SQUARE» студенттерге қызмет көрсету орталығы- бұл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстануниверситетінің қызмет көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігі  үшін  жағдай жасау,   қызмет көрсетудің жоғарғы  стандарттарын енгізу, сыбайлас-жемқорлыққауіптерінің  алдын алу, білім беру сапасын арттыру жәнеакадемиялық адалдық қағидаларын сақтауды  қамтамасызетуге  бағытталған сервис орталығы. 

    Сонымен қатар қала әкімі «Университет ғылымын қалаэкономикасымен интеграциялау бағыттары» ғылымижетістіктер көрмесін аралап, университеттің ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларының жұмысыментанысты.

    Айта кетейік,  бүгінде М.Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан университетінде 22 мыңнан астам студент, 532 магистрант және 142 PhD докторант білім алуда. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: «Мәдени астана» жылы аясында халықаралық жеті іс-шара өтеді

    Фариза

    Шымкентте қоғамдық көліктер электрондық төлемге қашан көшеді?

    Фариза

    Облыс әкімі қаржы жүйесі қызметкерлерін құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.