9.9 C
Алматы
Воскресенье, 8 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордадағы тергеу изоляторына аяқкиімге жасырып телефон өткізбекші болған

    Қызылорда облысында тергеу изоляторына аяқ қиімге жасырып, телефон өткізбек болған азаматша ұсталды.

    Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. Қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша қамауда отырған інісіне сәлем-сауқат жібермек болған апасының сәлемдемесін мекеме қызметкерлері тексеру кезінде, аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған «Nokia» ұялы телефоны және «Актив» сим-картасы мен қуаттағыш құрылғысын тауып, тәркіледі.

    Құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттары Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

    қатысты посттар

    Қызылордада экономикалық және бюджеттік саясат мәселелері жөнінде кеңес өтті

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасын қабылдады

    Фариза

    Байқоңыр іргесіндегі ескі электр станциялары жаңғыртылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.