15 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады

    Қызылорда облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 276 жоба жүзеге асырылуда. Жұмысқа 8891 адам тартылған. Жобалар аяқталғаннан кейін 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

    «Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылысқа жергілікті халықты жұмыспен қамтуды міндеттедік. Жоба жүзеге асқанда тұрақты жұмыс орнын ашуды да шартқа енгіздік. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтылуына тікелей бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында 1515 адамға техникалық және кәсіптік білім беріледі. 1 мың адам қайта оқуға жолдануда», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева.

    Ал, «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2272 адам жолданды. Оның 1400-і оқуды аяқтап, сертификат алды.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша 549 адам шағын несие алған.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында егін егу жұмыстары 10 маусымға дейін толық аяқталады

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 10 ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

    Фариза

    Елжан Біртанов қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.