3 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкенттен 173 азамат праймеризге қатысуда

    Шымкентте  «NUR OTAN» партиясы праймеризініңқатысушылары арасында ашық пікірсайыстар басталды. Бүгінгі таңда праймеризге қала бойынша 173 азаматқатысуда.

    Праймериздің үшінші кезеңіндегі алғашқы дебаттар Абай ауданында күніне 2 мезгіл өткізіліп, оған 28 үміткерқатысты.

    Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалыныңтөрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл пікірсайыстыңмаңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

    —​Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұлбастамасы – адалдық пен ашықтықтың керемет үлгісінкөрсетіп отыр. Осы қадамы арқылы партия өзініңашықтықты қолдайтынын және халықпен бірге екенінкөрсетті. Ашық диалог кезінде назарға алып, қолданысқаенгізуге болатын ұтымды ұсыныстар да айтылып жатыр. Саяси додаға қатысып жатқан барша әріптестерге сәттіліктілеймін, — деді филиал төрағасы. 

    Айта кетейік,  7 — 14 қыркүйек аралығында партияішілікіріктеудің екінші, яғни, үгіт-насихат кезеңі өтті. Екіншікезеңде Шымкентте партия мүшелерімен 570 кездесуұйымдастырылды. Оның 239-ы онлайн-форматта өтті. Кездесулерге партияның 21 мыңнан астам мүшесі қатысты. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында жәнеәлеуметтік желілерде насихат жұмыстары белсенді түрдежүргізілген.

    Ал, 14 қыркүйектен бастап ашық пікірсайыстар өтуде. Бұлкезең 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Пікірсайыстыңтәртібі жеребе бойынша анықталған. Ақпараттыңашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшінжарыссөздер кестесі мен өтетін орны Primaries веб-сайтында және партия филиалының ресми аккаунттарындажариялануда. 

    Пікірсайыстар партия филиалының ресми аккаунттарыарқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

    Дебаттар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырыпөткізілуде. Бөлмелерде зарарсыздандырғыш заттарорнатылған. Сондай-ақ, қатысушылар мен көрермендергемедициналық маска үлестіріліп, кіреберісте контактісізтәсілмен дене қызуы тексерілуде. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Кәсіподақ кадрлары жасаруда

    Шымкент: Бадам өзеніндегі көпір қараша айында пайдалануға беріледі

    Фариза

    Ермак Сәлімов Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасын таныстырды

    Пікір қалдыру

    four × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.