-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

    Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқосуда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы деп қайта атау, кітапхананы қайта жабдықтау және Шымкент қаласының аялдамаларында ақын-жазушылар туралы ақпаратты орналастыру мәселелері талқыланды.Кездесуде алғаш сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы арнайы басқосудың тақырыбына тоқталды.

    – Биыл – Шымкент қаласы үшін ерекше жыл. ЮНЕСКО көлемінде екі мереке тойланғалы отыр. Олар – Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы және Шымкент қаласына 2200 жыл толуы. Бұл орайда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы деп қайта атау және кітапхананы қайта жабдықтау туралы мәселе көтерілген. Аталған ұсынысты республикалық ономастикалық комиссия бекітті. Мұндағы мақсат – Әл-Фараби бабамыздан бастап, сол замандағы бүкіл ғұламаларды зерттейтін орталық құру. Яғни ғұламаның қамтылмай қалған еңбектерін бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, бойына сіңіру біздің міндетіміз деп ойлаймын. Ал қаладағы аялдамаларда ақын-жазушылар туралы ақпаратты орналастыру идеясы ағартумен айналысу, тұлғатану, ғылымтану мақсатында жүзеге асырылмақ, – деді Ш.Мұқан.

    Басқосу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары көтерілген тақырыптар бойынша баяндамашыларға сөз берді. Бұл ретте Шымкент қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары Рашид Мыңбаев пен Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мөлдір Кеуенова зиялы қауым өкілдері алдында идеяларымен бөлісті. Рашид Мамытұлы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы деп қайта атау және кітапхананы қайта жабдықтау туралы айтса, ал Мөлдір Тұрсынбекқызы Шымкент қаласының аялдамаларында ақын-жазушылар туралы ақпаратты орналастыру жоспарын жеткізді.Кездесуге жиналған зиялы қауым өкілдері баяндамашыларды тыңдаған соң, идеяларды қолдап, өз ойларын білдіріп, ұсыныстарын айтты. Олардың қатарында елге белгілі ақын-жазушылар Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалыұлы, Ханбибі Есенқарақызы, Әселхан Қалыбекова жəне өзге де қоғам қайраткерлері болды.Басқосу соңында қоғам қайраткерлерінің пікірлерін тыңдаған Шыңғыс Жұмабекұлы: «Ұсыныстарыңыз өте орынды, бәрі де ескеріледі. Осылай ара-тұра өздеріңізбен пікірлесіп, жөн сұрап отырамыз» деп, қатысушыларға алғысын білдірді.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

    Фариза

    Жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

    ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер сақтық шараларын күшейтуді ескертеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.