-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының рухани-саяси бағыттарында жаңа жобалар іске асады

    Президент Жолдауында көзделген айқын міндеттерді орындауда Сыр елінде рухани-саяси салаларда жаңа жобалар қолға алынады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет баспасөз брифингінде мәлім етті.

    Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді тарқата келе мәдениет, ақпарат, спорт, жастар салаларында іске асыралытын жобаларға тоқталды.

    «Президент Жолдауда өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін айтып, «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалыпқа келтірудің маңыздылығын қозғады. Осы ретте мәдениет ұйымдарындағы балалар үйірмелерінің жұмысы жаңа жобалармен жұмыс жасауға міндеттейді. Жолдау аясында алдағы жылы үйірме санын 1000-ға көбейтіп, үйірме қатысушыларын 11 500-ге ұлғайтуды міндет етіп қойдық. Сонымен бірге ашықтықты қалыптастыру үшін азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін» жоспарлап отырмыз», – деді Серік Ахмет.

    Брифингте жастар жобасын жүзеге асыру мәселелері де сөз болды.
    Алдағы бес жылдықта 6 мыңға жуық жас «Жасыл ел» және «Жас құрылысшылар» еңбек жасақтарының қатарында еңбек ететін болады. Мұнан бөлек, келешекте тұрақты түрде облыстық еңбек лагерін ұйымдастырылмақ. Спорт саласында да тегін мүмкіндіктер ұсынылады. Облыстағы 20 147 оқушы 45 спорт түрімен тегін шұғылданады.

    Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарын сақтық шараларын сақтау мәселесіне ерекше мән беруге шақырды.

    «Бүгінгі күнге дейін 13,9 млн.шаршы метрді құрайтын аумақ залалсыздандырылды. Тиісті мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері мен еріктілерден құралған 24 топпен карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг шаралары жүргізілуде. Аула аралық және жалдамалы үйлер бойынша рейдтер күшейтілуде. Алайда, карантиндік талаптарды бұзу фактілері, яғни, дәстүрлі, отбасылық, көпшілік жиындар өткізу әлі де болса тыйылмай тұр. Сондықтан, бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау мен антисептик пайдалану күнделікті қолданатын дағдымызға айналуы тиіс», – деді Серік Ахмет.

    қатысты посттар

    Прокурордың балалары қызметтік көлікпен қатынай ма? Қарағандыда суретке байланысты тексеріс басталды

    Фариза

    «Мені митингіге жібермес үшін ұстады». Алматыда Бапи соты өтпеді, әкімшілік іс тоқтатылды

    Фариза

    Қызылордада коронавирусқа қарсы бақылау күшейтілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.