-8.1 C
Алматы
Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметтің 86 проценті электронды түрде көрсетіледі

    Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшірубағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасалынуда. 

    Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласыәкімдігі 2, 5  миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңынемесе 86,1 процентін электронды түрде көрсеткен. Яғнибылтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтіэлектронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңғаөскен.

    Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі МұратӘйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

    -​Қала әкімдігі былтыр 181 қызмет түрін көрсетсе,  биыл тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін кейбір қызметтүрлері оңтайландырылып, олардың саны 160 болыпбекітілді.  2019 жылы 181 қызметтің 91-і, яғни  50 процентіэлектронды форматта көрсетілсе, осы жылы 160 қызметтің132-сі (83%) электронды түрде көрсетіледі. Бұл өткенжылмен салыстырғанда қызметтерді электронды түрдекөрсету 33 пайызға өскенін білдіреді, — деді шаһар басшысы. 

    Сондай-ақ, әкім жылдың соңына дейін қалған 28 мемлекеттік қызмет түрін электронды форматқаауыстыруды жоспарлап отырғанын айтты.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші орында тұр

    Фариза

    Тері өнеркәсібі түлеп келеді

    ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА 110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.