20 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Демеушілер медициналық ұйымдарға 3 жедел жәрдем көлігі мен заманауи құрылғыларды тарту етті

    Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді.

    Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді.«Пандемияға байланысты дәрігерлер халыққа медициналық көмек көрсету үшін күндіз-түні жұмыс істеуде. Кез келген көмек науқасты дер кезінде емдеуге үлкен әсерін тигізіп отыр. Осындай қиын-қыстау уақытта қол ұшын созып жатқан жандарға алғысымыз шексіз», — дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Б.Сапарбаев қазіргі сұранысқа ие мамандықтарға талдау жүргізуді тапсырды

    Фариза

    Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды

    Фариза

    Қызылордада 20 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.