-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарға көмек көрсетілді

    Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Шанс» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдай төмен, көпбалалы отбасылар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге қол ұшын созып, көмек көрсетті.

    Қазіргі таңда қалалық пробация қызметі есебінде 4 жасөспірім есепте тұр. Осы жасөспірімдерге оқу құраларды мен азық-түлік таратты. Сонымен қоса, есепте тұратын бала тәрбиесімен айналысып отырған, 10 азаматшаға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен қорғаныш құралдарын берді.

    Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың ата- аналары пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушы азаматтарға алғысын жеткізді.

    «Мұндай қайырымдылық көмек жиі өткізіліп тұрады. Бұған дейін де балалар күніне орай, есептегі 4 жасөспірімге осы секілді азық-түлік, киім-кешек берілді. Пробация есебінде тұратын көпбалалы аналар да назардан тыс қалған емес. Қазіргі уақытта қалалық пробация есебінде 588қоғамнан байланысты еемес жаза түріне сотталғандар есепте тұр. Оның ішінде 97 әйел азаматшасы. Жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, жұмыспен қамту бөлімі, қоғамдық қорлармен бірлесе жұмыс атқарамыз. Қоғамдық қордың қолдауымен көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қандай жұмыс атқарсақ та, ең басты мақсатымыз – сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу», – деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Наурызбаев.

    қатысты посттар

    Елбасының «Ел Үміті» жалпыұлттық бастамасы: жобаларды іске асыру нәтижелері

    Фариза

    Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістерін жақсартуға бағытталған құқықтық түсіндіру жөніндегі Түркістан облысындағы дөңгелек үстел

    Фариза

    СЫР ӨНІМІ 12 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.