-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалық кәсіпкер айына 40 мың өнім тігіп, ішкі нарықты толықтыруда

    Өндеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау арқылы ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтыруға болады. Бұл үшін елде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қабылданған. Қызылорда өңірінде бағдарлама аясында 103 жоба қолдау тапқан. Іске асатын жобалардың жалпы құны 13,4 млрд.теңгені құрайды. Нарықты отандық өнімдермен толықтыруға арналған жобалардың ішінде ауыл шаруашылығы саласында – 78, тамақ өнеркәсібі – 7, жеңіл өнеркәсіп – 2, жиһаз – 5, құрылыс индустриясы саласында –2, қызмет көрсету саласында – 8, көктемгі егіс жұмыстарында 1 жоба іске асуда.

    Солардың бірі – 20 жылдан бері қолөнер кәсібін қызмет қылған Аида Керімқұлованың «Qoloner» жобасы. «Qoloner» цехының иесі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржы алып, ұлттық киім және халық кәсіпшілігі мен шығармашылық тауарлар, ұлттық тақырыптағы кәдесый өнімдері дүкенін ашады.

    Жыл басында кәсіпкер өзінің тұрғын үйінің бөлмесінде ұлттық киімге тапсырыс қабылдайды, оның бұйымдары жастар мен ересек тұрғындар арасында сұранысқа ие болғандықтан, киім тігу цехын ашып, өзіне тігіншінің көмекшісін алады.

    Бүгінде цех зергерлік бұйымдарды өндірумен айналысады. «Сапа КА» ЖК басқарушысы, әрі өнім дизайнері тапсырыстардың артуына байланысты кестелеу машинасын, сондай-ақ қосымша жабдықты сатып алуға шешім қабылдайды. Банк тарапы несиеге өтінімді қарап, жобаны іске асыруға «Даму» Қоры жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынды.

    Цех қазіргі заманғы стильде қазақ ұлттық көйлектерін тігумен айналысады. Өндіріс орнында іске асып жатқан идеялар өздерінің ұлттық дәстүрлерін құрметтейтін, өз мәдениетінің өкілдері киетін киім арқылы өзін-өзі көрсетуге тырысатын адамдар үшін қызықты. Қолөнер цехында қазақ ұлттық ою-өрнектері бар көйлектер мен халаттар негізгі тауар қатарында. Сонымен бірге ерлер мен әйелдер жейделерін тігеді.

    Пандемия белең алған кезеңде кәсіпкер жеңіл өнеркәсіп бағытын үзбей тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне арнап жеке қорғаныс құралдарын тігіп, саудалады.
    Бүгінде кәсіпкер жылына 40 мың өнім тігіп, 10 адамға тұрақты жұмыс көзін ұсынып отыр.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Мәскеу маңындағы «Патриот» әскери-патриоттық саябағында армия халықаралық ойындарының ашылу рәсімі өтті

    Фариза

    Шамалған, Қаскелең, Ұзынағаштан Алматыға келетін жолдарға блок-бекеттер қойылғаны рас па?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.