-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі спорт нысандарын аралады

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағыбірқатар спорт нысандарын аралап, ондағы жөндеужұмыстарының барысымен танысты.

    Қала әкімі, алдымен, жеңіл атлетикалық спорт кешенінебарды. Аталған нысан 2011 жылы пайдалануға берілген. Жалпы аумағы — 4 946,6 шаршы метр. Жеңіл атлетикалықспорт кешенінде ауданы 3 864,4 шаршы метр жаттығу залы, әрқайсысы 200 метрлік 4 жолақты жүгіру жолы, сондай-ақазаматтарға қызмет көрсететін арнайы бөлме бар. 

    Бүгінге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, қазіркешеннің сыртқы қасбеті жаңартылып, ішіне ағымдағыжөндеу жүргізілуде.  Мұрат Әйтенов жұмысты мерзіміндеаяқтауды тапсырды.

    Шаһар басшысы кейіннен қалалық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Қазір мектептің спорт залы және бассейнікүрделі жөндеуден өтуде. Мұнда шәкірттерді спорттың 8 түрінен жарысқа дайындайды. Атап айтқанда, жүзу, ескекесу және каноэ, үшсайыс, бокс, баскетбол, шахмат жәнесемсерлесу өнеріне баулиды. 60 жаттықтырушы 800-ден аса баланы олимпиадаға дайындап жүр.  

    Қала әкімі аралау барысында сала басшысына жастарарасындағы спортты дамыту үшін барлық спорт мектептерінің әлеуетін толық пайдалану қажеттігін айтып, нақты тапсырма берді. 

    Айта кетейік, спорт нысандарындағы жөндеу жұмыстары«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасыбойынша жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда Шымкентте 856 спорт нысаны бар. Қаласпортшылары 2021 жылғы ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін  4 жолдама ұтып алды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ:ӘКІМ ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫН ТЫҢДАДЫ

    Фариза

    Өскеменде қараусыз қалған жағалау саябаққа айналды

    Дәрі-дәрмекті жоғары бағада және заңсыз жолмен сатуға тосқауыл қойылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.