7 C
Алматы
Четверг, 5 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында «Мектепке барар жол» акциясы жалғасуда

    Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде ағымдағы жылдың екінші жартысында Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшілігімен «Мектепке барар жол» акциясы өтті.

    Бөлім командирі подполковник Ербол Әбдірайым мен бөлімнің жеке құрамы аталған қайырымдылық акциясына белсене қатысты. Олар жағдайы төмен әскери қызметшілердің отбасыларына барып, 1 сыныпқа баратын бүлдіршіндерге мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды алуға көмек көрсетті. Сонымен қатар, 25 әскери қызметшінің бүлдіршіндеріне сурет салуға арналған жиынтық тарту етілді. Балаларға қажеттіліктерін тапсыру барысында әскери қызметшілер жаңа оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтауларына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

    «Бөлімде жеке құрамның отбасыларымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Қайырымдылық шараларына да әскерилер өз үлесін қосып келеді. Осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп үміттенемін», – деді әскери бөлім командирі подполковник Ербол Әбдірайым.

    Көмек қолын созған әскери қызметшілерге ата-аналар мен бүлдіршіндер өз алғыстарын білдірді.

    қатысты посттар

    ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: АҢЫЗ БА, АҚИҚАТ ПА?

    Фариза

    Жеңілдетілген авто несие бойынша қанша алуға болады?

    Фариза

    Мекенжай бойынша әр төртінші тіркеу egov.kz арқылы жүргізілген

    Пікір қалдыру

    11 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.