Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар шипажайға жіберілді

    Қызылорда қаласынан Сарыағаш қаласына мүмкіндігі шектеулі азаматтар ем алу мақсатында жолға шықты.

    Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің дерегінше санаторий-курорттық емделуді ұсыну қағидалары бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күнге 1260 адам өтініш білдірген.

    2020 жылға Сарыағаш қаласы «Салма Караван» шипажайына – 634 жолдама, Көкшетау қаласы «Алмаз» шипажайына – 203 жолдама бөлініп, 14 күн ем алуға белгіленіп, кезең-кезеңімен ем алуда.

    Жолға шыққан ем алушыларды бөлім басшысы Индира Ақжігітова ақ жол тілеп, шығарып салды.

    Сондай-ақ, бөлім басшысы мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрқашанда қолдау жасалатынын айтып, әлі де бірнеше топ бойынша ем алушылар жолға шығатынын жеткізді.

    қатысты посттар

    Қызылордада тау-кен байыту фабрикасын салу жөнінде меморандумға қол қойылды

    Фариза

    Арал ауданындағы сапасыз төселген асфальт мердігердің есебінен қайта жөнделеді

    Фариза

    Қызылорда облысында ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру жалғасын табады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.