-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада туризмді дамытуға арналған жаңа жобалар іске қосылады

    Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд. 361 млн. теңгені құрайтын 30 нысан жұмыс істеп тұр. Онда 737 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

    Қолданыстағы 30 нысанның 23-і «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілген. Айта кету қажет, іске қосылған жобалардың барлығы жоба бастамашыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды іске қосу жоспарлануда.

    Бағдарлама аясындағы туристендіру картасына облыстан 3 туристік нысан енгізілді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Айта кету керек, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру туристендіру картасының ТОП-10 басым нысандар тізіміне, ал «Қамыстыбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы ТОП-50 нысандар тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы бойынша біршама жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

    Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда жылына 250-500 мың аралығында туристерді тартатын болады деп күтілуде.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдері артты

    Фариза

    Мобильді аударымдар мен төлемдер: қалай ажыратамыз?

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова егін жинау жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтауды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.