-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда қаласында егінге алғашқы орақ түсті

    Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қарауылтөбе ауылдық округінің егіс алқабында болып, Сыр салысына алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.

    Шаһар басшысы алдымен ауыл шаруашылық саласының биылғы көрсеткіштері мен Ы.Жахаев атындағы «Қазақ күріш шарушылығы» ҒЗИ ЖШС-нің ғылыми жетістіктерімен танысып, дала маржанына орақ түсу науқанын ашып берді.

    Биыл қала дихандары жалпы аумағы 8 мың 747 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырса, оның ішінде 4 мың 75 гектарға басты дақыл күріш егілді. Кейінгі кезде саннан бұрын сапаға ынта қоя бастаған қала күрішшілері биылғы жылы да айтарлықтай табысты көрсеткіштерге қол жеткізуді межелеп отыр.

    «Бірінші кезекте диқандардың жаздың аптабында, күтіп баптаған, маңдай терінің жемісін шашпай-төкпей, жауын-шашынға қалмай жинап алу мәселесі тұр. Ол үшін қажетті техника сақадай сай, жұмыс күші жеткілікті. Болжаммен биыл әр гектердан 50-55 центнер шамасында өнім аламыз деп болжап отырмыз», – деген Ы.Жахаев ҒЗИ ЖШС-нің өндіріс жөніндегі орынбасары Рүстем Оңдашов.

    Ғылыми зерттеу институты ағымдағы жылы тәжірибелік алаң саналатын Қаруылтөбедегі егіс даласының 275 гектарына «Сыр сұлуы» сұрыбын еккен.

    «Отандық сорт басқа күріш түріне қарағанда суды аз қажет етеді және аймақтың стресстік табиғи-климаттық, топырақ мелиоративтік жағдайына бейімделген, потенциалды өнімділігі мен дәмдік қасиеттері жоғары, ору, бастыру және өңдеу кезіндегі механикалық әсерлерге төзімді, соның нәтижесінде бүтін дәндердің жоғары шығымдылығын қамтамасыз ететінін», – дейді институт директоры Бақытжан Дүйсембеков.

    Биыл аймақтағы су тапшылығына байланысты қала дихандары егін шаруашылығын әртараптандыруға басымдық берген. Бұл бағытта 70 гектарға қант құмайын, 100 гектарға соя, 302 гектарға жаздық, 90 гектарға күздік бидай егілді.

    «Әртараптандыруға уақытылы ден қою қалаға қарасты шаруашылықтардағы су тапшылығын болдырған жоқ», – дейді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Дәулетбек Абдирасулов.

    Қазіргі таңда бидай, сұлы, арпа, картоп, көкөніс, бақша дақылдары толығымен жиналып, картоптың әр гектарына 127,0, арпадан 2,4, сұлыдан 4,7,жаздық бидайдан 12,2, күздік бидайдан 7,0, көкөністен 127,6, бақшадан 131 центнерден өнім алынуда.

    Алдын ала жасалған кестелер бойынша егілген күріш алқабының суын тарту жұмыстары 1 қыркүйекте аяқталып, күріш ору жұмыстары қыркүйек айының 9 күні басталды. Ағымдағы жылы егілген 4075 гектар күріш егістігінің шығымдылығын сала мамандары зерделеу барысында 2852 гектары (70,0 %) «жақсы», 1018 гектары (25,0 %) «орташа», 205 гектары (5,0 %) «қанағаттанарлық» деп бағаланып отыр.

    қатысты посттар

    ШҚО-да әскери міндеттілер тактикалық-арнайы жаттығудан өтті

    Талас ауданында дзюдодан облыстық турнир өтуде

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 100 жастағы әжей туған күнінде пневмониядан жазылып шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.