Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайыэкономикалық аймағында «DALSAN» компаниясыныңылғалды майлықтар өндіретін фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорынның онлайн режимде өткен ашылу салтанатынаҚазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісіАбзал Сапарбекұлы, ҚР Сыртқы істер министрініңорынбасары Алмас Айдаров, «KazakhInvest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев, «Dalsan(ДАЛСАН)» ЖШС-нің құрылтайшысы Дал Халил жәнеШымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, құттықтау сөздерін арнады.
Жаңа фабрика толығымен түрік инвесторларыныңқаржысына салынған.
Мұнда әзірге 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істей бастаған кезде 45 адам еңбек ететін болады.
—Шымкентте өнеркәсіптің дамуына барынша қолайлыжағдай жасалуда. Қазір 2 индустриалды, 1 сауда-логистикалық және бір арнайы экономикалық аймақ жұмысістеп тұр. Онда жалпы құны 270 миллиард теңгені құрайтын176 жоба жүзеге асуда. 10 мыңнан астам тұрақты жұмысорны ашылған. Күні кеше агро-индустриалды аймақтыңқұрылысы басталды. Сондай-ақ, «Жұлдыз» индустриалдыаймағын ашу да жоспарланып отыр, — деді МұратДүйсенбекұлы.
Қала әкімі іске қосылып отырған фабрика қазақ-түрік сауда-экономикалық байланыстарын нығайту жолындағы кезектіқадам екенін айтып өтті.
Жаңадан ашылған фабрика «Eli» маркалы ылғалдымайлықтың жылына 300 мың қаптамасын өндіре алады. Бұлтауарлар барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Компания өз өнімін ішкі нарыққа сатуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Dalsan» компаниясы ашқан бұл фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында түрікинвесторларының қаржыландыруымен жүзеге асқан үшіншіжоба.
Г. ҚАПАЛ