26 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: №2 қалалық аурухана базасынан инсульт орталығы ашылады

    Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделіжөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  Атап айтқанда, аурухана ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды(кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникациялардықайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. 

    Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымшаинсульт орталығы  мен нейрожарақат бөлімшесі ашыладыдеп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керектімедициналық құрал-жабдықтар мен магнитті-резонанстытомография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) жәнеангиографиялық қондырғы орнату қарастырылу үстінде.

    №2 қалалық ауруханада – қаладағы жалғыз толыққандыкөпсалалы аурухана болып табылады. Мұнда  соңғы реткүрделі жөндеу жұмысы 1975 жылы жасалған. Ауруханада 120 төсек-орынды босану бөлімі бар. Бөлімде жылына жетімың әйел босанады. Ал  емхана бөлімшесіндегі мамандар50 мыңнан аса адамға көмек көрсетеді.

    Одан бөлек, Соvid-19  инфекциясы өршіген тұста 260 төсек-орынды провизорлық стационар  жұмыс жасаған.  Стационарға 1 788  науқас келіп түскен. Қазіргі таңдаэпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланыстыпровизорлық стационардағы 120 төсек-орын уақытшажабылып, штаттық режимге көшкен. Ал 140  төсек-орындыпровизорлық стационар өз жұмысын әлі де жалғастыруда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 76 көпқабатты үй салынуда

    Фариза

    Тараздағы ерекше тарту немесе қос қуаныш

    Гүлшара Әбдіқалықова «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.