19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Мұрат Әйтенов: Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

    Бүгін қала әкімі, Нұр Отан партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет онлайн режимде қабылдады.

    Онлайн-қабылдауға жазылған қала тұрғыны Шыңғыс Түлендибаев ауылшаруашылық техникасына арналған құрал-жабдықтар шығаратын және шойын, қола, жез, алюминий бұйымдарын құю зауытын ашқысы келетінін айтты.–Сіздің жобаңызды «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асыруға мүмкіндік бар. Қажет болған жағдайда тиісті басқарма консультациялық көмек беріп, жобаны сүйемелдеп отырсын, — деп Мұрат Әйтенов сала басшыларына тапсырма берді.

    Одан өзге әкімнің қабылдауына келген бірнеше тұрғын өз кәсібін бастауға қолдау көрсетуін сұрады. Олардың қатарында тігін цехын ашу, қойма салу, әлеуметтік жобаларды іске асыру секілді мәселелер қаралды. Оларға кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде толық қанды ақпарат берілді.Шаһар басшысы әрбір тұрғынның өтініші заң аясында қаралып, тиісті шешім шығарылатынын жеткізді.

    Ф.Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ӨКПЕНІ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

    Фариза

    Қызылордада 11305 адам өзінің биометриялық мәліметін тіркеді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.