-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ

    Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтыңкоммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу туралы  28 236 азаматтың өтінімі мақұлданған. Осы мақсатта арнайыCall-орталығы ашылған болатын. Тұрғын үй және тұрғын үйинспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша,  аталған орталыққа 35 мыңға жуық адам  қоңырау шалып, ақпараттық кеңес алған.

    Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдыққызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметіне сәйкесмамыр-маусым айындағы жоспарланған 527 миллион теңгетолығымен игеріліп, 17 566 тұрғынның дербесесепшоттарына аударылған. Бұл бөлінген қаражаттаразаматтарға коммуналды қызмет беруші мекеме тарапынанберілген түбіртектерде маусым-шілде айларында көрінедіекен. 

    Сондай-ақ, қыркүйек айының соңына дейін 10 670 абонент бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге320,1 миллион тенге аударылады.

    Коммуналдық мекеме қызметкерлері аударылған төлемдердіабоненттердің дербес шотына жеке-жеке жіберетінболғандықтан, түбіртектегі ақпараттар жеке шоттарда есептелгеннен кейін ғана көрінетін болады. 

    Айта кетейік, биыл 21 сәуір — 25 маусым аралығындаcommunal-komek.kz ақпараттық жүйесіне 34 171 өтінішкеліп түскен. Оның ішінде 1,2,3 топтағы мүгедектер – 10 858; ҰОС мегедектері мен қатысушылары – 800; мүгедекбалаларды тәрбиелеуші отбасылар – 1680; көпбалалыотбасылар – 12080; ең төменгі және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер – 4842; мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді, құқық тәртібін қорғау, әскериқызметін орындау кезінде қайтыс болған адамдардыңотбасылары – 83, атаулы әлеуметтік көмек алатындар – 3828.

    Шымкент: Қаратау ауданындағы 5 шағын ауданға газ тартылуда

    Қаратау ауданында газ құбырларын тарту жұмыстарықарқын алып келеді.  Тұрғын үйлерге табиғи газ берілгенгедейінгі барлық жүйелердің дайын болуы үшін құрылысжұмыстары қыза түскен.

    Нақтырақ айтар болсақ, наурыз айында Тұран шағынауданын  табиғи газбен қамтамасыз ету бойыншамагистралды жүйенің құрылысы бастау алған болатын. Бүгінде «StroyGazCompany» компаниясы жұмыстың 1-кезеңін қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабында да магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр. 

    Достық және Асар шағын аудан тұрғындарының да көгілдіротынға қосылар кезі алыс емес. Достықта 46,06 км құрайтын, ал Асар шағын ауданында 50,4 км болатын ішкіорамдық жүйелердің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Газовое хозяйство Шымкент газ» ЖШС, «Отау Строй» ЖШС компаниялары құрылысты толығымен келесі жылыаяқтайтынын айтуда. 

    Сонымен қатар, Азат шағын ауданында табиғи газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін  2020 жылғажергілікті бюджеттен 30,7 млн тг қаржы қаралып отыр. «Ынтымақ бес арыс» компаниясы құрылыс жұмыстарынмамыр айында бастаған болатын. Жалпы құны 236,3 млнтеңгені құрайтын жоба құрылысы кесте бойынша келержылы аяқталуы тиіс.

    Г.  ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Семейді дамыту бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 56 жоба жүзеге асырылады

    «Абай Арена» керемет кешенге айналып келеді

    Момыш бұлағы — қасиетті мекен

    Пікір қалдыру

    seventeen + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.