20.2 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: №2 қалалық аурухана базасынан инсульт орталығы ашылады

    Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделіжөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  Атап айтқанда, аурухана ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды(кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникациялардықайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС. 

    Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымшаинсульт орталығы  мен нейрожарақат бөлімшесі ашыладыдеп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керектімедициналық құрал-жабдықтар мен магнитті-резонанстытомография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) жәнеангиографиялық қондырғы орнату қарастырылу үстінде.

    №2 қалалық ауруханада — қаладағы жалғыз толыққандыкөпсалалы аурухана болып табылады. Мұнда  соңғы реткүрделі жөндеу жұмысы 1975 жылы жасалған. Ауруханада 120 төсек-орынды босану бөлімі бар. Бөлімде жылына жетімың әйел босанады. Ал  емхана бөлімшесіндегі мамандар50 мыңнан аса адамға көмек көрсетеді.

    Одан бөлек, Соvid-19  инфекциясы өршіген тұста 260 төсек-орынды провизорлық стационар  жұмыс жасаған.  Стационарға 1 788  науқас келіп түскен. Қазіргі таңдаэпидемиологиялық жағдай тұрақталуына байланыстыпровизорлық стационардағы 120 төсек-орын уақытшажабылып, штаттық режимге көшкен. Ал 140  төсек-орындыпровизорлық стационар өз жұмысын әлі де жалғастыруда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда «Ауылым – алтын бесігім» фестивалі өтті

    Фариза

    Жамбылда апта сайын шөп жәрмеңкесі өтуде

    Фариза

    ҮШ АУЫСЫМДАҒЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.