-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Абайдың өлеңін оқыған әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды

    Өскемен қалалық әкімдігінің лаузымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Altaynews порталына сілтеме жасап.

    Атап айтқанда, қала әкімінің орынбасары мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына айыппұл салынып отыр. Не үшін?

    Естеріңізде болса, тамыз айының басында Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерлері Абай күніне орай ұлы ақынның өлеңін оқыған еді.

    Қала әкімі Жақсылық Омар бастаған әкімдік қызметкерлері Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, видео-эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдады.

    Мәселенің бәрі сол бейнежазбада болып тұр.

    Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департаментінің ақпараты бойынша, оннан астам адам қатысқан видео-эстафета шектеу шаралары кезінде түсірілген екен. Эстафетаға қатысушылар маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтағанына қарамастан әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

    қатысты посттар

    Ревакцинациядан алғаш болып кімдер өтеді?

    Фариза

    Қызылорда облысындағы жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын — Президент

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.