11 C
Алматы
Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада жазасын өтеушілер кәсіптік білім алуда

    Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде онлайн режимінде шара өтті. Мекемедегі сотталғандар арасында кәсіптік маман иесі атанғысы келген 75 азамат 2020-2021 оқу жылына үш мамандық бойынша (ағаш ұстасы, тігінші, газэлектрдәнекерлеуші) өтініш білдірген болатын.

    Осы азаматтарға М.Ықсанов атындағы «Қызылорда құрылыс және бизнес» және «Қызмет көрсету және сервис» колледжінің оқытушылары алғашқы дәрісті онлайн түрде өткізді. Сотталған азаматтарды жаңа оқу жылымен құттықтаған колледж оқытушылары білім алушыларға сәттілік тіледі.

    Алдағы уақытта осы азаматтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, интернет желісі қосылған арнайы кабинетте онлайн режимінде білім алады.

    қатысты посттар

    “Халық санының өсуі тоқал-моқал секілді “шыжың байталға” қарап қалып па?

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

    Фариза

    ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: АҢЫЗ БА, АҚИҚАТ ПА?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.