Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қарулы Күштерде қысқы мерзімге дайындық жүріп жатыр

    Қорғаныс министрлігінде өткен апта сайынғы аппараттық кеңес барысында халықаралық ынтымақтастық пен қазақстандық команданың «Танк биатлоны» сайысына қатысуы, сондай-ақ әскерлердің күнделікті тіршілік әрекеті сынды мәселелері қаралды.

    Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер, ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүшелері әскери ведомстволары басшыларының, бірлескен отырысының қорытындысын баяндады. Отырыс барысында әріптес елдердің өзара іс-қимылы, халықаралық қауіпсіздікті нығайту және өңірлік тұрақтылықты қолдау мәселелері талқыланды.

    Пандемиямен күреске ерекше көңіл бөлінді. Атап өтілгендей, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі, өңірлік ұйымдардан бірлесіп әрекет ету үшін келісілген іс-қимылдар мен тиісті үйлестіруді талап етеді.

    Қорғаныс министрлерінің кездесуі халықаралық ұйымдардың жан-жақты ынтымақтастығы мен сындарлы өзара іс-қимылына бағытталған бірқатар маңызды шешімдерге қол қоюмен аяқталды. Атап айтқанда, қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған бірлескен коммюнике мен отырысқа қатысушылардың мәлімдемесіне қол қойды. Сондай-ақ, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ Министрлер Кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді.

    Армия халықаралық ойындарының қорытындылары да талқыланды. Қазақстан алғаш рет бір «Танк биатлоны» сайысына ғана қатысты. Біріншілік үшін әлемнің 32 елінен үздік әскери мамандар бақ сынасты. Танк биатлоны жарысында біздің танкішілер 16 елдің, соның ішінде Ресей, Белоруссия және Қытайдың үздік танк экипаждарымен қатар өнер көрсетті.

    «Танк биатлонының» нәтижелерін талдай отырып, министр алдағы уақытта команданы дайындаудағы қазіргі тәжірибені ескеруді, жауынгерлік машиналардың жетілдірілген үлгілерімен техникалық жабдықтау мәселесін пысықтауды және жаттықтырушылар құрамын күшейтуді тапсырды.

    Кеңестің келесі тақырыптық бөлігіне ауыса отырып, әскери ведомство басшысы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы мәтінінде Қарулы Күштердегі цифрландырудың рөлін атап өтті.

    «Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Президент цифрландыруды барлық реформалардың негізгі элементі деп атады. Цифрландыру –сән үрдістерін ұстану емес, бұл ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы», — деп атап өтті министр. Бүгінде Қарулы Күштерде аталмыш бағытты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Әскерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері белсенді түрде енгізілуде, қағаз құжат айналымы қысқартылып, онлайн, оның ішінде мобильді қосымшаның көмегімен көрсетілетін қызметтер санының ауқымы кеңеюде.

    Кеңес барысында қорғаныс ведомствосының басшысына Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу және түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру тобын құру туралы баяндалды. Оның міндеті – әрбір әскери қызметшіге болашаққа бағдар беретін бағдарламалық құжаттың мәнін жеткізу.

    Министрге әскерлердің жағдайы мен өткен аптада өткізілген іс-шаралар туралы баяндалды. Әскерлердің күнделікті жұмысы, бекітілген даярлық жоспарларына сәйкес ұйымдастырылған. Бұл ретте карантиндік шектеулер де қатаң сақталады. Жалпы, Қарулы Күштердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекциямен ауырған әскери қызметшілер тіркелген жоқ. Әскери дәрігерлер жеке құрам денсаулығының қауіпсіздігі мақсатында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың қажетті кешенін қамтамасыз етеді.

    Қарулы Күштерді қысқы кезеңге дайындау бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Қорғаныс ведомствосының басшысы барлық іс-шараларды ұйымдастыру және уақтылы аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Атап айтқанда, барлық коммуналдық нысандардың жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету. Ол үшін казармалық-тұрғын үй қорының, әкімшілік ғимараттардың жылыту жабдықтарына тексеру жүргізу қажет. Жеке құрамды заттай мүлікпен уақтылы қамтамасыз ету де маңызды. Бұл мәселені шешуді министр барлық дәрежедегі командирлерге тапсырды.

    «Сонымен қатар, қысқы кезеңге қару–жарақ пен әскери техниканы дайындау қажет», — деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

    Қысқа дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу кезінде министр, барлық лауазымды тұлғаларға жеке құрамның қауіпсіздік шараларын сақтауына ерекше назар аударуды тапсырды.

    қатысты посттар

    Қызылордадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар шипажайға жіберілді

    Фариза

    Жамбыл облысында әскерилер «танк каруселін» іске қосты

    Фариза

    «Атыс салдарынан бір адам көз жұмды». Құрбан айт қарсаңында мешітте атыс болды (видео)

    Пікір қалдыру

    eighteen + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.