Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 22 мәдени нысан жөндеуден өтуде

    Қызылорда өңірінде әлеуметтік нысандар жөнделіп, қайта жаңғыруда. Биыл «Жұмыспен қамту 2020-2021» Жол картасы аясында ескі ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне бағытталуда. Биылғы жылдың өзінде өңірдегі 22 мәдени нысанды қайта жөндеуге қаржы қаралған. Яғни 5 нысанға қайта жаңғырту, 3 нысанға күрделі жөндеу, 14 нысан ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткен. Мәдениет саласындағы құрылыс жұмыстары нәтижесінде 376 уақытша жұмыс орны ашылып, азаматтар жұмыспен қамтылған.

    Бағдарлама шеңберінде Қызылорда облыстық филармониясының ғимараты және Шиелі ауданындағы тарихи-өлкетану музейіне қосалқы құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 150 орындық Шиелідегі Жиделіарық елді мекенінде ауылдық клуб пен Қазалы ауданы, Ақсуат елді мекеніндегі ауылдық клубтың орнына жаңа ғимарат салынуда. Ал, Жаңақорғандағы Түгескен елді мекеніндегі ауылдық клубты қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.

    Биыл күрделі жөндеуді қажет ететін мәдениет нысандарына да қаржы бөлінген. Мәселен, Арал аудандық архиві филиалының ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен бірге Шиелідегі «Жаназар батыр» ауылдық мәдениет үйі мен Жаңақорған ауданы, Жаңаарық ауылындағы ауылдық клубын күрделі жөндеу жұмыстары іске асуда.

    Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта 22 нысанның ішінде ағымдағы жөндеуді қажет еткен 14 нысанның жұмысы толық аяқталған. Қалған нысандарды мердігер компаниялар белгілі мерзім ішінде аяқтамақ.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық барысы бақылауда

    Фариза

    Доллар көтерілген сайын азық-түлік бағасы да қымбаттауда.

    Рәбиға Сыздықтың қазасы — ұлтымыз үшін орны толмас қайғы — Мәулен Әшімбаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.