-9.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

    Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес бір топ Ассамблея мүшесі мерекелік медальмен марапатталды. 

    «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін Шымкент қаласының әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтенов табыстады.

    -​Осы жылды біз бірқатар айтулы мерекені атап өтудеміз. Биылғы жылы Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуымен қатар, конституциялық орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына да 25 жыл толып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған тиімді қоғамдық институт болып отыр. Бүгінгі Ассамблея – миллиондаған қазақстандықты ортақ мақсатқа жұмылдырған, асқақ арманға жетелеген, бір мүддеге тоғыстырған алып күш. Осы орайда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтамын, — деді қала әкімі.

    Марапатталғандар қатарында этномәдени орталықтардың төрағалары бар. 

    1.​Орынбай Рахманбердиев –​ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

    2.​Мухамедова  Ася Ириковна–«Шымкент қалалық татар және башқұрт  этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

    3.​Хашимжанов Икрам Акрамович  – Қазақстан Республикасы «Дустлик» өзбектердің этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы, Шымкент қаласы өзбек драма театрының директоры

    4.​Пак Роза Викторовна – «Шымкент қалалық корей қауымдастығы» ҚБ төрайымы

    5.​Романова Наталья Сергеевна – «Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы

    6.​Хакимбеков Тахиржан  Туйчиевич – «Шымкент қаласы өзбек этномәдени  қоғамдық бірлестігінің төрағасы

    7.​Төлепова Гаухар Уәліханқызы – «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

    8.​Бахман Иосиф Владимирович – «Шымкент қаласы «Возрождение» неміс  мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

    9.​Мовсисян Наира  Маитархановна​  – «Наири» армян этномәдени қоғамы» ҚБ төрайымы

    10.​Бочоришвили Заал Резоевич – «Шымкент қаласындағы грузин мәдени  орталығы» ҚБ төрағасы

    11.​Ахметова Саждат Зияутдиновна​– «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-қоғамдық орталығы» ҚБ төрайымы

    12.​Сулеймани Мами Гуль-Ахмет-Оглы​–  «Шымкент қаласы иран мәдениет орталығы» ҚБ төрағасы

    13.​Параскевопуло Ольга Ивановна​– «Ирини» Шымкент қаласы гректерінің этномәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы

    14.​Искендиров Динмухамед Жармуханбетович​– «Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы» ҚБ төрағасы 

    15.​Щеткин Дмитрий Сергеевич – «Шымкенттік еврей мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

    16.​Ибрагимов Натиг Надир оглы – «Шымкент қалалық әзербайжан мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

    17. Асанов Латипша Каймаханович- «Ахыска түрік этномәдени орталығы» ҚБ филиалының төрағасы

    18. Мавлютин Валиахмет Минирахманович – «Татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы

    Айта кету керек, бүгінде қаладағы 1миллион 38 мыңнан астам тұрғын бар болса, оның  67,4 пайызын – қазақтар, 17,6 пайызын – өзбектер, 8,9 пайызын – орыстар және 6,1 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Сондай-ақ, 17 этномәдени бірлестік  жұмыс жасауда.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Құрбан айттың бірінші күнінде Шымкент қаласы бойынша 300 мал шалынды

    Фариза

    Қатонқарай аудандық сотының өкілдері ардагерлерді құттықтады

    Шымкент: covid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.