-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША 3 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

    Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар бөлінуде. 

    Жыл басында барлығы 1 491 мемлекеттік грант үлестіру жоспарланған болатын. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 1 420 азаматқа осындай грант берілген. Оның ішінде 901-і аз қамтылған отбасылардың және 90-ы көпбалалы отбасылардың мүшелері, яғни, атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Сонымен қатар, осы екі әлеуметтік санатқа да жататын 306 адам грант иегері атанды. 

    Өз ісін бастағысы келетін шымкенттіктер үшін мұнан өзге де жағымды жаңалық бар. Шаһарда жаңа бизнес идеяларды жүзеге асырғысы келетіндерге қосымша 3 мың грант бөлініп отыр. Осыған байланысты 1 қыркүйектен бастап үміткерлердің құжаты қабылдануда. Қазіргі таңға дейін 1 894 адамның құжаты қабылданған. Оның ішінде 933 адам атаулы әлеуметтік көмек алушы болса, «Бизнес бастау» курсынан өткендердің қатарынан 934 азаматтың, қысқа мерзімді оқуды тәмамдағандар арасынан 27 азаматтың құжаты қабылданған.

    Айта кетейік, мемлекеттік гранттар үздік бизнес жоба ұсынған азаматтарға конкурстық негізде беріледі. Құжаттар Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығында қабылданады.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Базарлардағы тазалық – бақылауда болуы тиіс

    Фариза

    Жамбыл облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі Кореяның бас консулымен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.