Вторник, 9 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

    Қазалы ауданындағы қалалық кітапханада «Сoworking» орталығы ашылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, орталықтың жұмысымен танысты. Мұнан соң кітапхана қызмектерлері Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев оқыған №16 мектептің тарихы туралы айтып беріп, жерлесіміз жайлы жазылған шығармалармен таныстырды.

    «Цифрлы Қазақстан жобасы аясындағы бұл игі іс оқырмандар қатарын көбейтуге өзіндік ықпалын тигізері анық. Заман талабына сай, әлемдегі дамыған елдердің кітапханасында ұсынылатын қызмет түрін қазақ қоғамына енгізудің өзі – жаңару мен жаңғыруға бастаған үлкен қадамның бірі. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс», – деген Мұрат Нәлхожаұлы кітапхана қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

    Кітапханашылардың айтуынша, «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады. Бұл жерде қала жастары көптеген қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.

    қатысты посттар

    Сабыржан Кеңшілік: Тәуелсіз Қазақстанның бағдаршамы

    Фариза

    Пәтерді жалға алу шарттарын eGov жүйесінде жасау ұсынылды

    Еріктілер Нұр-Сұлтанның орталығында иттің етін сататын мейрамхананы әшкереледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.