-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте санитарлық нормалардың сақталуы бойынша брифинг өтті

    Шымкент қаласының Абай ауданында карантиндік талаптарды сақтамаған төрт ірі базар әкімшілігі жауапкершілікке тартылған. Жалпы аудан аумағында 13 базар ораналасқан. Бүгінге дейін сақтық шараларына немқұрайлы қараған кәсіпкерлерге 11 млн теңге айыппұл салынды.Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов «Самал» базарында санитарлық нормалардың сақталуы бойынша өткен баспасөз брифингінде осылай деп мәлімдеді.

    – Аудан аумағында әкімшілік мамандары, құқық қорғау органының өкілдері, базар әкімшілігі халыққа күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Базарлардың бәріне күнделікті кезекшілік ұйымдастырылған. Базар әкімдігі күніне екі рет залалсыздандыру жұмыстарын атқаруда. Кіреберіс жерлерде санитарлық талаптар сақталған. Қала ішінде көптеген сауда орындары, банктер, кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарға сәйкес жұмыс жүргізуі тиіс. Дегенмен тұрғындар да осы мәселеге көңіл бөлсе дейміз.Көпшілік орынға баратын кезде міндетті түрде бетперде тағып, сақтық шараларына мән берсе. Әркім өзінің денсаулығына жауапты, – деді аудан әкімі.

    Аудан аумағында түсіндіру жұмыстары тұрақты атқарылуда. Ендігі кезекте кәсіпкерлер де, қала тұрғындары да жауапкершілікті сезінуі тиіс.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темірді мерейтойымен құттықтады

    Фариза

    ШҚО-ның 10 ауылында блокты-модульді станциялар орнатылады

    Қызылорда облысының күріш өсірушілері күріш өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнатты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.