-12.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

    Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында айтты.

    «Шымкент қаласының солтүстік  бөлігінде соңғы 3 жылдан бері электр энергиясының жетіспеушілігі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы салынып жатыр» — деді әкім.

    220 кВ қосалқы станциясының және әуе желісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме «Аврора Констракшен» ЖШС  жүргізуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 9,7 млрд. теңге қаржы бөлінген екен. Бүгінгі таңда нысан құрылысы 90% аяқталған. Станция жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.

    Сонымен қатар, «Ақжар» және «1-М-1» қосалқы станциялары салынуда. Әрқайсысының қуаты 110 кВ. Құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. 

    Осы қосалқы стацияларды іске қосу арқылы 10 елдімекеннің мәселесі шешіледі.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ауылдық елді мекендерді мобильді интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Қала әкімі «Қаражыра» АҚ басшылығымен көмір жеткізу бойынша меморандумға қол қойды

    Дала семинары

    Пікір қалдыру

    13 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.