Воскресенье, 27 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте полиция мен еріктілер маска таратты

    Шымкент қаласында халық арасында індеттің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мен ерікті жастар қоғамдық орындарда тұрғындарға тегін маска таратты.

    Карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шараларын қатаң сақтап, санитарлық ережелерге бағыну қажет. Шараның басты мақсаты — тұрғындарға бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін және оны дағды етіп қалыптастыруды түсіндіру.

    Полицейлер мен ерікті жастар арнайы белгісі бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз. Айта кетейік, бұл шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, — делінген ақпаратта.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласында егінге алғашқы орақ түсті

    Фариза

    Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді

    Фариза

    Жамбылда 600 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.