-0.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда қаласында кәсіпкерлік субъектілерінің саны артуда

    Жылдан жылға Қызылорда қаласында кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиевтің айтуынша, Қызылорда қаласында 2020 жылдың 1 тамызына 25 мың 681 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 21 526 нысанды құрауда. 

    Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,5% пайызды құрайды. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілер ішінде белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 83,8% көрсетуде. Облыс көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 46,6%-ы Қызылорда қаласының үлесінде. Шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан 51,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік
    субъектілерде 49 771 адам жұмыспен қамтылған.

    Жыл басынан бері 1244 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 1278 жаңа жұмыс орны ашылды. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің ішінен айналымы 2 млн. теңгеден асатын субъектілер саны 2020 жылдың 1 тамызына 18975 бірлікке жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өсіп отыр.

    «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
    бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жалпы 54 жоба қолдау алса, оның ішінде 33 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктермен жоба құны 5 млрд. 188 млн. теңгені құрайтын 55 жобаның құжаттары қаралуда», – деді бөлім басшысы.

    «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген
    жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылған уақыттан бері қала бойынша жалпы құны 2 млрд. 549 млн. теңгені құрайтын 32 жоба қолдау алса, оның ішінде ағымдағы жылы жоба құны 411 млн.теңгені құрайтын 11 жоба қаржыландырылды.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға жоғарлаған.
    Екінші деңгейлі банктермен қаржы ұйымдарында жоба құны
    1 млрд. 400 млн.теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары қаралуда.
    Бұдан бөлек, жоба құны 235 млн. теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары
    жинақталуда.

    қатысты посттар

    3 тамыздан бастап салондар, шаштараздар, ойын-сауық орталықтары жұмысын бастайды

    Фариза

    Қазалылық кәсіпкер оттегі баллондарын толтыруға көмек көрсетті

    Фариза

    «Жарақат белгілері бар». Түркістан облысында балалар лагерінде ересектер кішкентайларды ұрып-соққан

    Пікір қалдыру

    18 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.