15 C
Алматы
Понедельник, 23 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 8 000 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

    Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі  тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында жалпы аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылып жатыр. 

    Бүгінгі таңда индустриалды аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Бірінші кезеңде 2020-2021 жылдары аралығында 110 гектар, екінші кезеңде  2021-2022 жылдары 230 гектар жер игеріледі.  

    Жалпы, бұл индустриалды аймаққа 105 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады. Ол толық іске қосылғанда 8 000 адам жұмыспен қамтылмақ. 

    Сондай-ақ, мұнда кезең-кезеңімен 60 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Жобалар негізінен құрылыс материалдары, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібіне бағытталған. Атап айтқанда, индустриялды аймақта трансформатор, полиэтилен құбыры, жылытқыштап, пенопласт, пеноплекс өндіретін өндіріс компаниялары орналасады деп жоспарланып отыр. 

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Семейде түңғыш дүниеге келген сәбиге домбыра сыйлады

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚСҰТ ИСАХОВ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Ата-заң күніне арналған жеңіл атлетика жарысы (фото)

    Пікір қалдыру

    nineteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.