Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 550-ГЕ ЖУЫҚ ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫ БАР

    Шымкенттегі Абай ауданында ірілі-ұсақты 550-ге жуық шаруақожалық, 31 га жылыжай шаруашылығы бар.

    Шаруашылықтардың жайымен танысқан аудан әкімі Бұқарбай Парманов алдымен «Алтынтөбе» шаруақожалығына барды. Шаруақожалықты аралау барысында аудан әкімі ірілі-ұсақты мал бордақылау алаңдарына мемлекеттен берілетін субсидиялар және мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірді. Отандық өнімдер  бірінші қажеттіліктердің қатарында екенін айтып, мемлекеттің қолдайтындығын жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі. 

    Аталған шаруақожалық қазіргі таңда мал бордақылаумен айналысуда. Онда  асыл тұқымды 75 ірі қара және 60-қа жуық жылқы малы бар. 

    Сонымен қатар, Бұқарбай  Парманов «Замира» жылыжай шаруашылығына барып, ондағы өсіріліп жатқан өнімдермен танысты. Жылы жайда 2 га қияр, 2,5 га қызанақ өсірілуде. Бүгінгі таңда жылыжай иесі өнімдерін тек Шымкент қаласына ғана емес, көршілес Түркістан облысына және өзге де өңірлерге сатып жатыр екен.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Байзақтағы Ботамойнақ ауылдық округіне таза ауыз су берілді

    Фариза

    Жамбыл облысында тұқым тазалайтын зауыт — оңтүстік өңірдегі бірегей жоба

    Фариза

    Жамбылда «Ауыл – ел бесігі» бойынша биыл 119 жоба жүзеге асуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.