Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қылышбай Бисенов: Жер мәселесіне нүкте қойылып, жеріміз шетелдіктерге сатылмайтын болды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады.

    Cтратегиялық маңыздылығымен қазіргі кезеңде нақты міндеттер мен өзекті мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған Жолдауда Мемлекет басшысы кезек күттірмейтін бірқатар мәселелерді айқындап берді:

    1) Пандемия кезеңінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия берілу және оған бюджеттен қомақты қаржының бөлінуі

    2) Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс жасайтын қызметкерлерді 50%-ға дейін қысқартып, шағын және орта бизнестің үлесін 35%-ға дейін көтеру

    3) Алдағы үш жылда мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіру

    4) Отандық ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру

    5) Қазақстанда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою; өрт секілді тілсіз жаумен күресу; адамдарды құтқару секілді қиындығы ғаламат, мәселелерді шешетін Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырды.

    Дамыған елдер қатарындағы мемлекеттердің экономикасына әсер еткен бұл дағдарыс, біздің еліміздің экономикалық дамуына да көптеген қиындықтар алып келді. Шекаралардың жабылуы мен мемлекеттер арасындағы тауар айналымының тоқтауы, бюджет құраушы негізгі қаржы көздерінің бірі саналатын кәсіпкерлік саласындағы қиындықтарды мемлекеттік қолдау арқылы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі жақсарту туралы басым бағыттарды көрсеткен.

    Мемлекеттік қызметті жүзеге асыруда біршама реформалар жүргізілгенімен, қоғамның, жұртшылықтың осы салаға деген сындарлы көзқарасы мен талабы күннен күнге артып келеді.

    Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер санын азайтып, соның есебінен олардың жалақысын көтеріп, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру белгіленді.

    Сонымен қатар Президентіміздің бірқатар стратегиялық мәселелерді қоғамның талқылауына шығаруы өте маңызды.

    Оның ішінде әкімдерді сайлау, петиция құру, жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау және шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың көптеп қатысуын қамтамасыз ету мәселелері бар.

    Мұның бәрі “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының әрі қарай жүзеге асырыла беретінін білдіреді деп есептеймін.

    Осындай нақты бастамаларды ескеріп, Президент Жолдауы жан-жақты пысықталған, Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму бағытын және ұлттық басымдықтарды анықтап берген құжат.

    Неше жылдан бері халықтың көкейінде жүрген Жер мәселесіне нүкте қойылып, жеріміз шетелдіктерге сатылмайтын болды.

    Алдағы уақытта мемлекет басшысының барлық бастамасын іске асыру үшін тиісті заңдар қабылданатын болды.

    Мемлекет басшысының ғылым мен технологияны дамытуға байланысты қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді Үкіметке тапсыруы, отандық ғылымды дамытуға жасалған мемлекет тарапынан зор қамқорлық болып табылады.

    Мемлекет басшысының елімізді сындарлы кезеңнен алып шығу жолында ұсынған Жолдауын жүзеге асыру, баршамыздың жауапкершілігімізді арттырып, баянды белестерге бастайтынына сеніміміз мол.

    Қылышбай БИСЕНОВ,

    Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

    қатысты посттар

    Қазақстанда Конституциялық сот құрылатын болды

    Фариза

    ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: АҢЫЗ БА, АҚИҚАТ ПА?

    Фариза

    Арыстағы жарылысқа байланысты айыпталғандарға үкім шықты. Ең ауыр жаза – 10 жыл түрме

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.