-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» Қызылорда қаласындағы филиалының 14 сарбазы әскери ант қабылдады.

    Сарбаздар бір айдан астам уақыт бойы аталған мектепте тиісті даярлықтан өтті. Қызылорданың түрлі аймақтарынан келген өрендер аз уақыт ішінде ішінде әскери тәртіппен танысып, қолына қару ұстауды үйренген. Олардың басым бөлігі жастық шағында әскери өмірге қызыққандар. Бірақ, белгілі бір себептермен сарбаздар сапына қосыла алмаған екен. Алайда, әскери-техникалық мектеп жайлы естігенде бірден мекемеге жүгініп, Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған.

    «Бүгін біз және жауынгер достарым әскери-техникалық мектепті «атқыш» мамандығы бойынша аяқтап, ант қабылдап отырмыз. Отанды қорғауға ант беру әрбір азаматтың міндеті. Барлық түлектердің атынан ұстаздар мен басшылық ұжымға алғысымды айтамын», — деді әскери-техникалық мектебінің түлегі Мәжит Абай.

    Аталған мектеп қысқа мерзім ішінде жас өрендерге әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік берді.

    «Жауынгерлер алғашқы жұмада әскери тәртіп пен Қазақстандағы қарулы күштер туралы мәлімет алады. Кейін оқ ату, тактикалық дайындық пен қаруды қалай қолдануы керектігін меңгереді. Бұл –әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің соңы емес. Темірдей тәртіпке баулитын мамандарды келесі жолы да қабылдайтын боламыз», — дейді Қызылорда қаласындағы ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебі» филиалыныңдиректоры Рахметулла Мұхамбетов.

    қатысты посттар

    Полиция Боқаевты қарсы алу үшін Атырауға жол тартқан Лұқпан Ахмедияровты жарты жолда ұстады

    Фариза

    Мамайдың Қазақстандағы ашаршылық туралы картинасы АҚШ-та деректі кинолар фестивалінің сыйлығына ие болды

    Фариза

    «Қазақ радиосы» мен «Астана ЛРТ» бірегей жобаны жүзеге асырды

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.