-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалы ауданында оттегі дайындайтын станция ашылады

    Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев жұқпалы аурулар бөліміне арнайы барып, дайындық жұмыстарымен танысты. Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева дайындық барысымен таныстырып, алдағы уақытта тағы да қосымша медициналық аппараттар мен қорғаныс құралдары қажет екенін жеткізді.

    Бас дәрігердің айтуынша, жұқпалы аурулар бөлімінен 35 провизорлық, 20 инфекциялық төсек орын жасақталған. Эпидемиологиялық ахуал кезінде аурухананың екінші ғимаратынан 150 инфекциялық төсек орнына бейімделсе, аудандық ауруханадан қосымша 50 төсектік провизорлық емдеу орнын ашу жоспарлануда.

    Сондай-ақ, жұқпалы аурулар ғимаратының 2 блогынан оттегі дайындайтын станция ашу үшін жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін «ПетроҚазақстанҚұмкөл» АҚ демеушілік жасап, қаржылай көмек көрсетті.

    Аудан басшысы Мұрат Ергешбаев медицина қызметкерлеріне аудан әкімдігі тарапынан қолдау әрдайым болатынын жеткізді. Осыған дейін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, індеттің алдын алуға қажетті заттар сатып алынды, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бюджет қаржысы және демеушілердің есебінен 32 дана оттегі концентраторы алынды. Алдағы уақытта қажетті заттарды алу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді.

    қатысты посттар

    Назарбаев даңғылын қайта Фурманов көшесіне «ауыстырды»

    Фариза

    Қызылордаға қажетті көмірдің тең жартысы жеткізілді

    Фариза

    Таразда қалалық сот ғимаратын жармақ болғандар ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.