Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

    Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған. Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.

    Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на алғысын білдірді.Айта кетейік, «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасы — қаладағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент: тағы 17 спортшы олимпиада ойындарына қатысуға үмітті

    Фариза

    Қызылорда: Жаңақорғанда 2291 бас жылқы төліне чип салынған

    Фариза

    Шымкент: Емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан уақытша мобильді бригадалар құрылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.