-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада биыл 1 сыныпқа 18 423 бала қабылданды

    Биыл Қызылорда облысы бойынша 293 мектепте 169 173 оқушы білім алады. Оның ішінде, 1 сыныпқа 18 423 бала қабылданды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

    «Жаңа оқу жылында мектептегі оқу процесін ұйымдастыру ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған бағыттар бойынша жүргізіледі. Яғни, өңірдегі 220 мектептегі 116 592 оқушы қашықтан оқытылады. Қашықтан оқыту BilimLand, Daryn-online интернет платформалары арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, 1-4 сыныптағы 41 547 оқушыны құрайтын 2974 топ және шалғай орналасқан елді-мекендегі 73 мектептен 11 004 оқушы дәстүрлі түрде оқитын болады. Сонымен қатар, биыл 55 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 12-і балабақша, 33-і мектеп, 4-і мектептен тыс мекеме, 5-і колледж. Бұған қоса, жаңа оқу жылында 740 орындыққа арналған 2 мектеп пайдалануға беріледі», – деді Наурызбай Сейітқалиұлы.

    Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы жаңа оқу жылындағы оқушыларды оқытудың бірқатар ерекшеліктерін айтты.

    «Жаңа оқу жылында кезекші топтар құрылады. Сондай-ақ, 1-4 сыныптардың ата-аналарының дербес өтініштері негізінде ашылады. Бұл топтарда 15 баладан артық бала оқытылмайды. Ең бастысы – бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Балалар бір кабинетте оқиды. Әр кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін оқытылады. Әрбір кезекші топтардың жұмысы белгілі алгоритмге сәйкес жүргізіледі»,– деді сала басшысы.

    қатысты посттар

    Баян Алагөзова күйеуінің бизнесін рейдерлік жолмен тартып алғысы келгендердің аты-жөнін атады

    Фариза

    Сыр елінде егін жинау науқаны қарқында жүруде

    Фариза

    «Көңілі қалаған қызды пәтерге апарады»: ақтөбелік келіншек намазxандардың нәпсіқұмарлығын айтты

    Пікір қалдыру

    sixteen − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.