-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында карантин шектеулері жеңілдетілді

    Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуалға байланысты жарияланған облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

    «Құжатты қабылдау бар да орындау бар. Әрбір саналы азамат осы қаулы талабын орындауды, өзінің борышы деп қабылдауы тиіс. Бұл отанның бастауы болып табылатын отбасыңды қорғау болып саналады», – деді Наурызбай Сейтқалиұлы.

    Сонымен, жаңа қаулыға сәйкес, облыста бүгіннен бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істейтін бірқатар нысандарға рұқсат етілді.

    Атап айтқанда:

    – Азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасының жұмысы сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін ұзартылды;

    – Ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;

    – Бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметіне рұқсат берілді;

    – Таза ауада 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға серуендеуге болады;

    – Мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне (30 адамнан аспайтын жеке, топтық репетициялар);

    – Контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің, мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне;

    – 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне;

    – Жиналыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда көзбе-көз өткізуге рұқсат берілді.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жалағаш кентіндегі көшелерді жөндеуге 322 жұмыссыз тұрғын тартылды

    Фариза

    Қызылорда облысында егін шаруашылығы жағдайы мен суармалы су жеткізу мәселесі бақылауда

    Фариза

    Қазалыда ауыл тұрғындары көтерген мәселелер басты назарда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.