14 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте shymkent bike велостанциясы қайта іске қосылды

    Шымкентте Байтұрсынов, Түркістан, Қонаев, Арғынбеков, Асқаров, Жангельдин, Иляев сынды  үлкен магистралды көшелерге салынып жатқан веложолақтардың құрылысы кезең-кезеңімен аяқталуда. Бүгіннен бастап Shymkent bike велостанциясы қайта іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында мәлім етті. 

    – Қазіргі таңда жобада 160 велосипедтен құралған 40 велостанция қамтылған. Бүгіннен бастап карталар сатылымға шығады. Карталарды Тәуке хан көшесіндегі Имран супермаркеті жанындағы сату бөлімінен алуға болады, – дейді М.Исахов.

    Пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы тарифтік жоспарлар да әзірленген. BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, одан кейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағат үшін – 250 теңге, 3 сағат үшін – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңгеден жұмсалады. Жалпы абоненттік төлем картасының құны: 1 айлық абонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6 000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Алақандай ауладан табыс табуға болады

    Таразда ерлікпен қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

    Фариза

    Қызылорда қаласында егінге алғашқы орақ түсті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.