Вторник, 9 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Жалағаш ауданында жаңа мектеп ашылды

    Білім күніне орай Сыр елінде жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Ә.Бердәулетов атындағы №34 орта мектептің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысты.

    «Бүгін Мөрәлі Шәменов ауылының халқы үшін өте қуанышты күн. Себебі өміріміздің жалғасы, еліміздің ертеңгі жарқын болашағы саналатын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін қасиетті орданың жаңа ғимараты ел игілігіне берілгелі тұр. Осы білім ошағынан еліміздің, Сыр өңірінің атын әлемге танытар білімді ұрпақ көптеп шығарына сенімдімін», – деді Н.Байқадамов құттықтау сөзінде. 

    140 орындық жаңа мектеп типтік жобада салынған. Білім ошағында сынып және интернет кабинеттерімен, медициналық кабинетпен, спорт зал, асханамен қамтамасыз етілген. Биыл жаңа мектепте 1-4 сыныптағы 94 оқушы санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, оқитын болады.

    Айта кетейік, ата-аналардың өтініштері негізінде 1-4 сынып оқушылары дәстүрлі, қалған сыныптардың балалары қашықтан оқиды.

    қатысты посттар

    Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Жәрмеңкенің басты бренді: Сырбойылықтар бас қалада 146 тонна ақталған күрішті саудаға шығарды

    Фариза

    Қызылордада 14 елді мекенге талшықты-оптикалық кабелі апарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.