-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының Арал ауданында білім саласына биыл 12 млрд қаржы бөлінген

    Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшелегі» тақырыбында аудандық тамыз кеңесі өтті.

    Барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілген білім беру қызметкерлерінің аудандық тамыз конференциясына аудан әкімдері мен барлық білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп мұғалімдері онлайн форматта қатысып, білімдегі алдағы мәселелер мен қол жеткізген табыстар туралы талқылады.

    Тамыз кеңесінің күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі М.Оразбаев ауданның алдағы оқу жылына байланысты жүргізіп жатқан дайындық мәселелері жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар аудандағы білім беру саласында атқарылған жұмыстарды жан-жақты талдап, білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын, саладағы негізгі басым бағыттарды атап өтіп, алдағы жаңа оқу жылында ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.

    Ауданда жалпы орта білім беретін 49 мектеп, 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Орта білім беретін мектептерге 17447 оқушы, балабақшаларға 1-5 жас аралығындағы 3672 бала қамтылады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап аудандағы 22 мектеп дәстүрлі және 27 мектеп аралас оқыту форматында, 20 мемлекеттік балабақша санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыстарын бастайды.

    Биылғы жылы білім саласына 12 млрд астам қаржы бөлінген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 32 пайызға өсіп отыр. Соның ішінде биыл Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп құрылысы, Жақсықылыш кентіндегі № 19 орта мектепке 100 орындық қосымша құрылыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Сексеуіл кентіндегі мектеп ғимаратының 1, 2 және 3-блоктарының құрылыстары, сонымен бірге, аудандағы оқушылар үйінің құрылысы қарқынды жүруде. Аталған нысандар 2020 жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

    Педагогикалық кеңесте аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова жаңа оқу жылының басты ерекшеліктеріне тоқталып, оқу жүйесінде іске асатын басты жобаларды атап өтті.

    Мәселен, биылғы оқу жылында шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер оқуды дәстүрлі штаттық режимде бастайды. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Осыған орай, ата-аналар таңдауына сәйкес кезекші сыныптарға өтініштерді қабылдаудың электронды форматы жүргізілуде. Дәстүрлі және кезекші сыныптарда бала саны 15-тен артық болмайды, сабақ ұзақтығы 40 минутты құрап, оқу бірнеше ауысыммен өтеді. Атап өту керек, қашықтан оқыту форматына сәйкес ауданнның барлық пән мұғалімдері қашықтан оқыту технологиялары бойынша «Мен қашықтан оқытуды үйренемін…» атты біліктілікті арттыру курстарына 100% қамтылған.

    Жиын соңында бірқатар аудан ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, аталған министрліктің және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

    қатысты посттар

    Қызылордада 255 ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

    Фариза

    Қызылордада карантин уақытында құбыр шығаратын өндіріс ашылды

    Фариза

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.