-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы жүзеге асуда

    Қызылордада автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында былтырдан бері «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп келеді.

    Жоба аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне бақылау жүргізілді. Жолдың қыс мезгіліндегі жай-күйіне, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстауына жылжымалы зертханамен 10-рет шықты, сондай-ақ мекеме, мердігер ұйымдардың басшыларының қатысуымен 6-рет отырыс өткізіліп, 3-рет брифинг ұйымдастырылған.

    Жылжымалы зертханамен шығу барысында жалпы 30 ақаулар анықталып, берілген ұсыныстар нәтижесінде 17-сі жойылды, 13 кемшілік бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оны жою туралы ұсыныстар берілген. Аталған мәселелердің орындалуы бақылауға алынған.

    Айта кетейік, жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Облыс әкімдігінде Жолдау дөңгелек үстел форматында талқыланды

    Фариза

    Сабыржан Кеңшілік: Тәуелсіз Қазақстанның бағдаршамы

    Фариза

    Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.