23 C
Алматы
Воскресенье, 8 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Шаңырақ» пилоттық жобасына өтініш қабылдау басталды

    Қызылорда облысында биыл кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасы ашылып, бағдарламаға өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда филиалының директорының орынбасары Ильяс Журунов мәлімдеді.

    «Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлініп, оның алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Пилоттық жоба аясында жеңілдетілген несиені баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта әкімдік кезегінде тұрған азаматтар ала алады. Қазіргі таңда, облыс бойынша аталған жылдар аралығында баспана алу үшін кезекте тұрған 3600 адам бар. Олардың өтініштері қаралып, пәтер кілтін алуға барынша мүмкіндіктер қаралады. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Сондай-ақ, әкімшілік кезегінен кейінгі жылдары тұрған азаматтар да шақырылуы мүмкін», – деді Ильяс Мұхатайұлы.

    қатысты посттар

    Қызметінен босатылған шенеунік әділет вице-министрі болып тағайындалды

    Фариза

    Елжан Біртанов қызметінен кетті

    Фариза

    «Темір жолдан өшін алып, ақша алайын деп отыр» Тальгодағы оқиғаға байланысты сотталғандардың ата-анасы сұхбат берді

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.