-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Айсұлтан Назарбаев Арыстан бабтағы зиратқа жерленді» Әлиевтердің сүйектері жан-жақта жатыр


    Айсұлтан Назарбаев орда бұзар отыз жасқа келгенде өмірден озды. Бір елді билеген Прзеиденттің ең сүйікті немересі болғанына қарамастан, Айсұлтанның жастық шағы шалқып өмір сүрумен өтті деп айта алмайсың. Әсіресе, соңғы жылдардағы оның фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбалары тек қазақ елін ғана емес бүкіл әлемді дүр сілкіндірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаевты атасы емес әкесі екендігін жазған Айсұлтанның жазбасына әлемнің бұқаралық ақпараттық құралдары да таңданушылығын білдірген болатын.

    Қазақ элитасында хан баласындай өскен Айсұлтанның өсе келе нашақорға айналып, енді ғана орда бұзар шағына келгенде белгісіз себеппен өмірден өтіп кеткені кім-кімдіде елеңдетпей қоймады. «Жүрегі тоқтап қайтыс болды», — деп мәлімдегенімен, әлі ажалының неден болғаны нақты белгісіз. Ал ең қызығы , тіпті, қайтыс болған Айсұлтанның дәл қазір қайда жерленгені де белгісіз болып отыр.

    Жуырда Айсұлтан Назарбаевтың «Кеңсай-2» зиратында жерленгені туралы мәлімет тараған болатын. Дегенмен, мәселенің анық-қанығын білуге барған Sputniknews.kz порталының тілшілері зиратқа кіре алмай кеткен.

    Естеріңізге сала кетсек, бұл зиратқа Дінмұхаммед Қонаев, Батырхан Шүкенов, Ғабит Мүсірепов сынды танымал тұлғалар жерленген. Тіпті, Айсұлтанның Атасы Мұхтар Әлиев те осы зиратта.

    Ал бүгін Айсұлтанның Арыстан бабтағы зиратқа жерленгені туралы ақпарат тарауда.

    Қазақтың салты бойынша қайтыс болған адам негізінен ата-баба, ру бейітіне жерленеді. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Талап ауылында туып-өскен Айсұлтанның атасы Мұхтар Әлиев те өз туған ауылына жерлене алмады. Ол Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында, ал әкесі Рахат Әлиев Венадағы зиратқа жерленген. Ал Айсұлтанның өзі болса Арыстан бабтағы зираттардың бірінде жерленіпті. Аталы, балалы, немерелі болған 3 ұрпақтың сүйегі бүгінгі күні жан-жақта жатыр. Атасы профессор, әкесі мықты кәсіпкер әрі саясаткер болған текті әулет деп атағанымен, Әлиевтердің сүйектерін бұлай жан-жаққа шашыратып жіберу кімге керек болды екен?

    Айсұлтан Назарбаевтың өмірі жайлы біраз ақпараттың шеті ашылғанымен, көптеген жағдайлар құпия күйінде қалды. Айсұлтан Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы ма, әлде, Рахат Әлиевтің бе? Рахат Әлиевтің ұлы болса, бір әкеден тараған екі ұрпақтың: Нұралінің тегі Рахат та, ал Айсұлтанның тегі неге Назарбаев? Айсұлтанның соңғы жазбаларында әкесінің өлімі мен мемлекеттік мәселелердің барлығына кінәлі деп анасы, Дариға Назарбаеваны, санауына не түрткі болды? Өзін біреулер өлтіріп кетуі мүмкін деп күдіктенуге әкелген не жағдай? Армансыз өскен ұл деп жұртшылық санайтын президенттің сүйікті немересінің түбіне нашақорлыққа салынып, істеген өз әрекеттері жетті ме, жоқ әлде, ол өз отбасының құрбаны болды ма? Құпияға толы өмір – жұмбақ өлім. Халықтың санасына күпті болған сансыз жауапсыз сұрақтардың жауабы Айсұлтанның өзімен бірге құпия болып кетті.


    Карантин уақытында еліне оралып, қайрылымдылықпен айналысқан Айсұлтанды халық оң қадамың құтты болсын деп барынша қолдау білдірген еді. Дегенмен, тағдырдың айтып келмейтін ажалына адам баласы дәрменсіз емес пе!?

    қатысты посттар

    Қазақстанда депозит мөлшерлемесі өсті

    Фариза

    Қызылорда облысында азық-түлік бағасы бақылауда

    Фариза

    Зейнетақы жинағын алу: елімізде жеткілікті деңгей екі есе көбейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.