Қызылорда облысында биыл кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасы ашылып, бағдарламаға өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда филиалының директорының орынбасары Ильяс Журунов мәлімдеді.
«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлініп, оның алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Пилоттық жоба аясында жеңілдетілген несиені баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта әкімдік кезегінде тұрған азаматтар ала алады. Қазіргі таңда, облыс бойынша аталған жылдар аралығында баспана алу үшін кезекте тұрған 3600 адам бар. Олардың өтініштері қаралып, пәтер кілтін алуға барынша мүмкіндіктер қаралады. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Сондай-ақ, әкімшілік кезегінен кейінгі жылдары тұрған азаматтар да шақырылуы мүмкін», – деді Ильяс Мұхатайұлы.