-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында егінге орақ түсті

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов Таң ауылындағы «Таң ЛТД» ЖШС-ның егіс алқабында бірқатар ірі шаруашылық құрылымдарымен кездесіп, егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.

    Шара барысында Асылбек Өмірбекұлына ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы даму көрсеткіштері таныстырылды.

    Жалпы биыл аймақта барлығы 36 731 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 21 600 гектар.

    «Күріш біздің елдің, Сыр бойының негізгі байлығы. Ендігі мәселе осы байлықты шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Бұл үшін барлық жағдай бар. Егін жинауда техника қашанда шешуші рөл атқаратыны белгілі. Биылғы егін жинау науқанына барлығы 994 дана техника қатысады», – деді аудан әкімі Асылбек Шаменов.

    Сонымен қатар, аудан басшысы сала еңбеккерлерімен кездесіп, ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктері үшін алғыс білдірді.

    Айта кету керек, «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылы 1912 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Былтыр серіктестіктің диқандары күріштің әр гектарынан 76 центнерден өнім алған.

    Шаруашылық тек күріш егіп қана қоймай мал азығындық дақыл – жоңышқа да өндіріп келеді. Құрылымда 115 адам тұрақты жұмыс істейді.

    қатысты посттар

    Масқара: Нью-Йорктегі гей-парадқа Қазақстан туын алып шықты (фото)

    Қазалыда құрылыс жұмыстары қарқынды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиын өткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.