-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы және бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2019 жылы және 2020 жылдың 7 айында бірлесіп атқарылған шаралар туралы айтылды.

    Статистикалық ақпараттарға сәйкес ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысымен көлікті масаң күйде басқарған тұлғалармен 18 жол көлік оқиғасы орын алып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10% өскен. Сонымен қатар, көлікті масаң күйде басқарғаны үшін 946 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

    Облыстық әкімдіктің қолдауымен, 2020 жылдың маусым айында, Қызылорда қаласында 13 «Арқан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары іске қосылды.

    Өңір басшысы полиция қызметінің жұмысын күшейтуді тапсырды.

    «Жол-көлік оқиғаларын алдын алу бағытында тиімді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылу керек. Сонымен қатар, полиция органдарының имиджін көтеруге бағытталған жол карталарының талаптарын орындау мақсатында жеке құрам арасында қызметтік әдеп, халықпен байланыс сапасын арттыру бойынша біліктілігін артыру бойынша оқулар өткізіңіздер. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерімен бірлесіп, автомобиль жолдарындағы авариялық қауіпті учаскелерді мониторинг пен талдау арқылы анықтап, стандартқа сай келмейтін кемшіліктерді жою және ол учаскелерді тиісті жөндеу, жетілдіру бойынша шаралар қабылдау қажет. Жол жүрісі қауіпсіздігіне қатысты, оның ішінде көлік оқиғаларының салдарын түсіндіре отырып, кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етіңіздер», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысымен, өңірімізде бұрын сотты болғандармен қылмыстық құқық бұзушылықтар 30%, оның ішінде бұрынғы соттылығы өтелмегендермен жасалған қылмыстар да 21% төмендеді.

    Дегенмен, ағымдағы жылы профилактикалық есепте тұрған адамдармен бірнеше қылмыс жасау деректері орын алған.

    Аймақ басшысы пробация қызметіндегі тұлғалардың қоғамға бейімделуіне жұмыс жасауды тапсырды.

    «Қайта қылмыс жасауға бейімді сотталғандарды анықтап, оларды еңбекке және тұрмыстық орналасу, әлеуметтiк және өзге де көмектiң басқа түрлерiн ұйымдастыру шараларын тиімді түрде жүзеге асыру керек. Пробация қызметіндегі тұлғалардың қоғамға бейімделуіне, заңдардың талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен айналысуға бағытталған шаралар қабылдансын. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 2021 жылға арналған бос жұмыс орындарының квоталарын қолданыстағы қағидаларға сәйкес 2020 жылдың 1 желтоқсанға дейін бекіту керек», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ САТУ ДЕРЕКТЕРІН АНЫҚТАДЫ

    Фариза

    «Самұрық-Қазына» басшысы: Қор активтерін кез келген қазақстандық азамат иелене алады

    Фариза

    «Жарақат белгілері бар». Түркістан облысында балалар лагерінде ересектер кішкентайларды ұрып-соққан

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.