-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Өзбекстан Республикасының Алматыдағы бас консулы Аброр Фатхуллаевпен кездесті.

    Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мен халықаралық туризмді дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    Сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылық пен еңбек миграциясы жайында сөз қозғады.

    Бас консул өз сөзінде еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналғанын айтып, пандемияға байланысты жұмысшы күшін қабылдайтын оңтайлы жүйе жасауды ұсынды.

    «Шымкентте ірі өнеркәсіп орындары мен құрылыс саласында көптеген нысан құрылыстары жүргізілуде. Жұмыс берушілерден өтінім келіп түссе біз тараптан жұмыс күшімен қамтамасыз етуге дайынбыз. Ол үшін Қазақстанның жұмыс берушілері Өзбекстан тарапынан сұратылған тиісті құжат топтамасын ұсынып, өтінім білдірсе жеткілікті»,-деді Аброр Фатхуллаев.

    Шымкентте құрылыс жұмыстарының қарқыны карантин кезінде де бәсеңдемегенін айтқан қала басшысы бүгінде жұмыс күшінің қажет екенін жеткізді.

    Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін білдірді. 

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Шымкент: Абай ауданында төрт мониторингтік топ тексеру жүргізуде

    Фариза

    Жамбыл облысы ветеринариялық пункттермен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда

    Фариза

    Жамбылда еліміздегі алғашқы кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.