-0.1 C
Алматы
Воскресенье, 2 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте интенсивті бау көлемі артып келеді

    Шымкент қаласының бағбандары бүгінде озық технология бойынша егілген қарқынды баудың өнімділігі дәстүрлі тәсілмен егілген бауға қарағанда 1,5 — 2 есеге артқанына көз жеткізіп отыр. Себебі, Шымкент қаласында соңғы екіжылда 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған.

    Ал, биыл «Д-Сабыр» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа интинсивті бау екті. Бозарық тұрғын алабында орналасқан шаруашылыққа 100 млн теңге инвестиция құйылған. Мұнда алманың «Айдаред», «Ред делишес», «Джонаголд», «Глостер» сынды түрлері бар. Мұнда 10 адам тұрақты  жұмыспен қамтылса, науқан кезінде жұмысшылар саны көбейеді. 

    Аталған жобаға мемлекет тарапынан 25 млн. теңге субсидия бөлініп, қолдау көрсетілді.

    Мұнан бөлек, қалада биыл озық технологияны қолдана отырып өнеркәсіптік үлгідегі аумағы 5,7 гектар болатын екіжылыжай кешені іске қосылды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: 100 жастағы әжей туған күнінде пневмониядан жазылып шықты

    Фариза

    Жамбылдықтар көп балалы отбасына асарлатып баспана салып берді

    Фариза

    Президенттік кадр резервінің өкілі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.